Артқа
Артқа

700-ден астам жеке клиникалар ТМККК және МӘМС қызметтерін көрсетеді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2022 жылы 1389 медициналық ұйыммен медициналық қызмет көрсетуге шарт жасасты, оның жартысынан көбі – жеке меншік ұйымдар. Биыл халыққа медициналық қызметтерді қаржыландыруға 2 трлн теңге қарастырылған, мұның ішінде МӘМС жүйесінде 838 млрд теңге қарастырылған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында атап өтілгендей, МӘМС жүйесі «Ақша науқастың соңынан жүреді» қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Пациенттің қандай да бір тексерулерден өту кезінде Қордың көрсетілетін қызметтеріне өнім берушілер тізбесінен медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар. Ол үшін учаскелік дәрігердің немесе өз емханасының тар бейінді маманының жолдамасы болуы қажет.

«Қажетті медициналық қызметті алу үшін Қормен осы қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан клиникалардың кез келгенін таңдауға болады. Қор өнім берушілерінің арасында жеке клиникалар үлесі басым екенін атап өткіміз келеді – 717 медициналық ұйым. Бұл Қордың барлық өнім берушілерінің 50% - дан астамы. Азаматтардың мамандардың консультацияларын алуға, диагностикалық процедуралардан, оның ішінде жеке медициналық ұйымдарда ақылы негізде емес, медициналық сақтандыру шеңберінде учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша өтуге мүмкіндігі бар. Науқастардың алған қызметтері үшін төлемді Қор жүргізеді», – деп Қордың Басқарма Төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан атап өтті.

Сондай-ақ, Қорда тіркелген жері бойынша емханада қызмет көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда дәрігер осы қызметтерді көрсетуге бірлесіп орындау шарты жасалған басқа медициналық ұйымға жолдама беруі тиіс екенін түсіндірді. Немесе пациент осы қызметті көрсететін Қордың өнім берушілері ішінен медициналық ұйымды өзі таңдай алады. Онда учаскелік дәрігерден жолдама ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде автоматты түрде бірлесіп орындау шартын қалыптастыру үшін негіз болып табылады.  

Қазіргі уақытта 1 389 медициналық ұйым ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызметтер көрсетуге Қордың тікелей өнім берушілері болып табылады.

Ең көп тіркелген өнім берушілер амбулаториялық жағдайда консультациялық-диагностикалық көмек, медициналық оңалту, мамандандырылған стационарды алмастыратын көмек, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету бойынша.


Қор сайтында өнім берушілер тізімін қалай пайдалануға болады?

Қордың fms.kz сайтында «Пациент үшін» деген бөлімде «Емхананы таңдау» деген кіші бөлімде келесі сілтеме бойынша ТМККК және МӘМС медициналық көмек көрсетушілерінің тізбесі орналастырылған: https://fms.kz/kontaktnaya-informatsia/vybrat-kliniku/. Тізімдерде Сіз өзіңіздің тұратын облысыңызды немесе аймағыңызды, содан кейін медициналық көмек түрін таңдауыңыз керек. Сондай-ақ, мұнда ЭКҰ, медициналық оңалту қызметтеріне өнім берушілердің тізбелері, мезгіл-мезгіл жаңартылып отыратын бірлескен орындаушылардың тізбелері жарияланады.

Консультациялық-диагностикалық қызметтерге өнім берушілердің тізбесі-стоматология, рентгенография, ПТР-тестілеу, КТ және МРТ келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://fms.kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/.

 Егер сізде медициналық көмектің сапасы мен уақтылы көрсету бойынша сұрақтар туындаса, сіз емхананың Пациенттерді қолдау және Ішкі аудит қызметіне немесе сізге ыңғайлы келесі байланыс арнасы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

22.02.2022
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПОДПИСАН МЕМОРАНДУМ С ЦЕНТРАЛЬНЫМ ДОМОМ БУХГАЛТЕРОВ О ПОДГОТОВКЕ КОНСУЛЬТАНТОВ ОСМС
ОРТАЛЫҚ БУХГАЛТЕРЛЕР ҮЙІМЕН МӘМС КОНСУЛЬТАНТТАРЫН ДАЯРЛАУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қызмет етуі туралы мақсатты аудиторияның хабардарлығын арттыруға бағытталған білім беру жобасы аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры серіктестік бастамаларын кеңейтуді жалғастыруда.
22.04.2025
КЛИЕНТЫ JUSAN BANK БУДУТ ПОЛУЧАТЬ ИНФОРМАЦИЮ ОБ ОСМС
JUSAN BANK КЛИЕНТТЕРІ МӘМС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛАДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және Jusan Bank ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Енді банктің мобильді қосымшасында медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисі пайда болады.
21.04.2025
ПРЕДСТАВИТЕЛИ ФСМС ВСТРЕТИЛИСЬ С КОЛЛЕКТИВОМ МЕРКЕНСКОЙ ЦРБ
ӘМСҚ ӨКІЛДЕРІ МЕРКІ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Меркі аудандық орталық ауруханасында зейнетақы және өзге де аударымдардың кешіктірілуіне байланысты ұжыммен кездесу өтті. ӘМСҚ өкілдері Қор тарапынан медициналық қызметтер үшін төлемдер уақытылы жүргізілетінін және еңбек қатынастарына араласуға құқығы жоқ екенін түсіндірді.
17.04.2025
Барлығын қарау
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу